Сот сараптамалары институты

Нашақорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін Маңғыстау облысы сот сараптамалары институтына саяхат ұйымдастырылды. Оған Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Институттың бас сарапшылар Айдарбаева Ш.Н.., Халкина Л.И., Сартаева А.М. және басқа мамандар студенттерді өз зертханаларының жұмысымен таныстырды. Институт директоры Гусманов Рустем Гайнуллаұлы сот сараптамасы институтының міндеттері мен даму перспективалары туралы әңгімелеп берді.