«Sanaly Urpaq» фронт-кеңсесі

  • Yessenov University  «Бизнес және құқық» факультетінде «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесі және Адалдық дүкенін  ашу салтанаты өтті. Бұл шаралар  аясында білім беру жүйесінде жастар арасындағы  сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. «Адалдық дүкенін» ашу студент жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу мақсатын көздейді.

«Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесінің тұсау кесер салтанатты рәсімін өткізу құқығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы  Ахметжанов Саян Қылышұлына және Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Аманиязова Гулимай Демегенқызына табысталды.