Public Talk: Нұргүл Жанназаровамен

Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы және Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Нұргүл Жанназаровамен кездесу өтті. Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында қонағымыз студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Нұргүл Жанназарова өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға ұмытылмас жақсы әсер қалдырды.