Yessenov University «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері аға оқытушы Г.Ж. Кобегенованың жетекшілік етуімен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығы» пәнінің практикалық сабағын университет алдындағы  алаңқайда акция түрінде өткізді.

Бұл сабақ қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылықтың бірі ретіндегі темекі шегу мәселесіне қатысты әкімшілік құқық нормаларын түсіндіру және жастар арасында темекі шегуден бас тартуды насихаттауға арналды.

Акция барысында «Құқықтану» тобының студенттері темекіге әуестік танытушы студенттердің темекілерін қоқысқа тастатып, орнына тәтті дәрумендер, жемістер таратып, қол-күрес жарысын  ұйымдастырды және  құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.