«Менің арманым» Startup Bolashak

Егер Сіз 16-29 жас аралығында болсаңыз және Сізде тамаша бизнес-идея болса, онда «Менің арманым» Startup Bolashak жобасына қатысыңыз.
«Менің Арманым» – жас креативті стартаперлердің арасындағы реалити-шоу форматында 5 кезеңнен тұратын стартап-жобаралардың байқауы.
Байқау мақсаты: Қазақстаның барлық өңірлерінде жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту.
Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі және Yessenov University
Іріктеу кезеңі еліміздің 16 қаласында өтеді.
Байқаудың Маңғыстау өңірі бойынша іріктеу кезеңі 2019 жылдың 20-21 мамыр күндері Yessenov University-де өтеді.
Байқауға өтінімдер www.meninarmanym.kz сайты арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты келесі тел. арқылы біле аласыз: 8701 0924414
Сәттілік тілейміз! Сіздің идеяңызды күтеміз!