Мемлекет басшысының жолдауын талқылау

Yessenov University бас ғимаратының Мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау өтті. Шарада университетіміздің студенттері, қызметкерлері және профессорлық оқытушылар құрамы қатысты.