27 Ақпан 2019

Халықаралық конференция өтті

Yessenov University-де «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ЖЫРАУЛЫҚ ДӘСТҮРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция мақсаты – түркі халықтарының ортақ рухани мұрасын насихаттау және ғылыми қоғамдастықтың ақпарат алмасуын қалыптастыру үшін алаң құру.
Пленарлық отырыста конференцияның мақсаттары мен міндеттері талқыланды. Маңғыстау облысының тарихына қысқаша экскурсия жасап, біздің еліміздің өркендеу дәуірінен сақталған бірегей археологиялық және тарихи ескерткіштерді, соның ішінде сурет-поэмалар, өлеңдер, таңғажайып ғимараттар мен мешіттер туралы баяндалды.
Конференцияға ғалымдар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, көрнекті тарихшылар, саясаткерлер, білім беру саласының өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрамы және университет студенттері қатысты.
Секциялар шеңберінде конференция тақырыбы бойынша талқылаулар жалғастырылды:
1. Түркі халықтарының рухани мұрасы
2. Түркі рухани құндылықтарын тарихи білу
3. Рухани жаңғыру аясында оқытудың өзекті мәселелер
Конференция қорытындысы бойынша конференция мақалалар жинағын шығару қарастырылған.