Достығымыз жарасқан

“Бизнес және құқық” факультетінің «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Достық»  клубы студентерінің ұйымдастыруымен 1-мамыр Қазақстан халықтары достығы мен бірлігі күніне орай  Маңғыстау облысы Достық үйіне этно-мәдени орталықтарында кездесу өткізді.

Кездесу “Достығымыз жарасқан” тақырыбында Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысу тақырыбында өтті. Таныстырылым  барысында Достық үйі қызметкерлері Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен олардың ерекшеліктерімен таныстырды.

Презентацияның мақсаты: студенттердің Қазақстандағы ұлт өкілдерінің мәдениетіне құрмет көрсету, дәріптеу, толеранттылық және патриотизмді қалыптастыру.