25 Ақпан 2019

Ардагерлер – асыл ерлер!

Yessenov University көпсалалы колледжінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 30 жыл толуына орай «Ардагерлер – асыл ерлер!» әскери — спорттық эстафетасы өтті. Эстафетаға колледжіміздің 5 студенттен құралған 9 тобы қатысты. Шараға ауған соғысының ардагерлері шақырылды.
Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз борышының өтеуі болып, оның халқы алдында қадір-қасиетін арттырады. Өйткені, ерлік – ел мұраты. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл өтті. Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді, мәңгі есте сақтау, қадірлеп құрметтеу – біздің борышымыз.