«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы

Бейіндік пәндері: математика және география. Білім беру бағдарламасы студенттерді екі траектория бойынша даярлайды:

Өңірлік деңгейде басқару;
 Мемлекеттік саясат және басқару.

Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
Елдің заңнамаларын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, патриотизм рухында тәрбиелеу;
Білім алушыларға қоғамдық, үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйымдарда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті басқарушылық дағдыларды беру;
Жоғары жалпы зияткерлік даму деңгейін меңгеру, сауатты және дамыған сөйлеуді, гуманитарлық мәдениетті, жоғары адамгершілік, этикалық және құқықтық нормаларды, экономикалық ойлаудың кеңдігі мен мәдениетін, басқару еңбегін ғылыми ұйымдастыру дағдыларын меңгеру;
Шығармашылық әлеуетті, жеке бастамалар мен жаңашылдықты дамыту;
Мемлекеттің жоғары білікті мамандарға деген сұранысын толық қанағаттандыру;
Жұмыс күші нарығындағы түлектердің бәсекеге қабілеттілігі, бұл білім беру бағдарламасы бойынша барынша жылдам жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қызмет ету салалары:
• Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі;
• Қазақстан Республикасы Парламентінің аппараты;
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелері (министрліктер, агенттіктер, департаменттер);
• Жергілікті және муниципальдық басқару органдары (ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық);
• Ұлттық, мемлекеттік және жеке меншік компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалары.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының түлектері магистратура бойынша оқуын жалғастыра алады.