Түлектер ассоциациясы

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Ш.Есенов атындағы КМТИУ) түлектер Ассоциациясы – бұл университет түлектерін біріктіру және оларды әлеуметтік ілгерілету мен дамыту мақсатында, сондай-ақ түлектердің әлеуетін тиімді пайдалана отырып, университет мәртебесін нығайту үшін құрылған құрылымдық бөлімше.

Түлектер Ассоциациясы – университет пен түлектердің байланысын шоғырландыру, нығайту және сыртқы байланыстарды дамытуды ұйымдастырушы бөлімше.

Түлектер Ассоциациясының миссиясы: барлық жылдардағы университет түлектерінің бірігуі және әлеуметтік жағынан алға жылжуы. Біріккен және ұйымдасқан түлектер Yessenov University-дің тиімді дамуына жол ашады.

Ассоциацияның басты мақсаттары: студенттер мен университет түлектерінің корпоративтік рухын нығайту, түлектердің бірігуі және әлеуметтік жағынан алға жылжуы, олардың өзін-өзі дамытуы, түлектердің интеллектуалды әлеуетін пайдалану тиімділігін және университеттің еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау және қайта даярлау мүмкіндіктерін арттыру.

Түлектер Ассоциациясының міндеттері:

1) түлектердің университетпен және өзара қарым-қатынасын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында бітірушілер туралы мәліметтер базасын жасақтайды;

2) студенттермен мәдени-тәрбие жұмыстарын дамыту және жетілдіруге ықпал жасайды;

3) жастарды кәсіптік бағдарлауға көмектеседі, түлектерді жинақтау, бөлістіру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, әлеуметтік серіктестікті орнатуды қамтамасыз етеді, жұмыс берушілердің, мемлекеттік және жергілікті билік органдарының, білім беру мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың университетпен өзара мүдделерін келісу және іске асыру;

4) университеттің материалды-техникалық базасын нығайтуға көмектеседі;

5) университет түлектерінің кездесуіне ықпал етеді.


Куәліктер


Түлектер туралы ақпарат


Түлектердің тізімі

Жарғы

Ақпарат