Қажетті құжаттар

2019-2020 оқу жылына колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 1 қабат, B1-02
Call-center: +7 (7292) 78-87-88
Call-center: +7 (7292) 42-57-18
Call-center: +77005425757
Yu_admission