Ақпарат

2018 жылдың 23 ақпан күні Ш.Есенов атындағы КМТИУ түлектер Ассоциациясының жиналысы өтті. Бұл жиналыста соңғы болып жатқан өзгерістерге және кадрлық тағайындауларға байланысты Ассоциацияның Президенті сайланды. Түлектер Ассоциациясының жаңа Президенті болып бір ауздан ректор университеті Б.Б.Ахметов тағайындалды. 

Сонымен қатар, жиналыста Ассоциация төрағасы Н.Т.Батыков 2017 жылғы өткізілген жұмыстары бойынша есеп берді және 2018 жылға қойылып отырған жоспарлармен бөлісті. 

Алдағы уақытта Ассоциация жұмысын жандандыру бағытында жоғары дәрежеге ие, жетістіктерге жеткен түлектерді университетке көмек, қолдау көрсету мақсатында Ассоциация құрамына тарту жоспарланып отыр.