May 21, 2019

Day

Startup Bolashak «Менің Арманым» жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының 3 маусымының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі 20-21 мамыр күндері Yessenov University-де ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру. Қатысушыларымызға «Ниша таңдау», «Канвас бизнес моделі», «Питч презентация» тақырыбында бірнеше қызықты, танымдық бизнес тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтерден кейін үміткерлер...
Read More
«Геология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген Маңғыстаудың киелі жерлеріне экскурсияғы универерситетіміздің 1- 2 курс студенттері және ПОҚ мүшелері белсенділік танытып барды. Саура шатқалына экскурсия барысында көптеген пайдалы және қызықты деректермен таныс болдық.
Read More
Yessenov University әскери кафедраның бітіруші курс студенттерімен 29011 әскери бөлімінің оқу-жаттығу станциясында кеменің өміршеңдігі үшін сумен күресу бойынша сабақтар өткізілді. Тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен біздің курсанттар “суға батып бара жатқан” кемені құтқару бойынша жақсы тәжірибе мен дағдыларды алды және су алдындағы қорқынышты жеңді.  
Read More
«Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының студенттері Ұлы Жеңіс күніне орай «Мәңгілік алау» монументіне тағзым етіп, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Жеңіс күніне арнап дайындаған тақырыптық көрмесін тамашалады. Мұрағаттан алынған құнды мәліметтер мен сирек кездесетін суреттер білім алушылардың ерекше қызығушылық тудырды. Шараның мақсаты: студенттерге Ұлы Жеңістің мән-мағынасы мен маңызын түсінду және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,...
Read More
«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Достық»  клубына мүше студентері «Архив-2025» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының Мұрағат және құжат Мемлекеттік басқармасы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында аталған мекеме қызметкері Кенжебаева Р. Мұрағат басқармасының қызметі мен бөлімдерімен, сондай-ақ, Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған көрме материалдарымен таныстырды.  
Read More