January 2019

Month

Жастар жылының ашылу салтанатына орай Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары»  форумының тікелей эфирде көрсетілімін Yessenov University  бас ғимаратының мәжіліс залында студенттер мен  жастар тамашалады. Көрсетілімді көруге белсенді студенттер, жас ғалымдар спортшылар және оқытушылар қатысты. Барлық жастар Елбасының айтқан сөзінен үлкен серпіліс және рухани азық алды.
Read More
«Педагогика» факультетінде «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Жоламан Қобланов пен доцент Бақтыгүл Қарымсақованың ұйымдастырумен «Абай шығармалары рухани жаңғыру контекстінде» атты  пікірсайыс өтті. Пікірсайыс ұстаздар мен студент жастардың еркін әңгімесі түрінде өрбіді. Студенттер Абай  шығармаларынан, сондай-ақ өздерін толғандырған руханият мәселелері туралы да сұрақтар қойып, жауаптар алды. Пікірсайыс «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Жоламан Қоблановтың қорытынды сөзімен аяқталды.
Read More
Yessenov University бас корпусының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы, саяси ғылымдар докторы Арын Орсариевпен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ өзінің өмірлік тәжірибесі, студенттен БҒМ-нің Жауапты хатшысына дейінгі ұзақ жолының қалай өткендігі және мансаптық өсудің 5 қағидалары туралы баяндады. Кездесу соңында қонақ студенттерге нақыл сөздерін айтып, оқуда сәттілік тіледі....
Read More
Теңіз академиясы “Жастар ортасында діни экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет” атты халықаралық мастер-класс өткізді. Мастер-класста Каспий өңіріндегі Қауіпсіздіктің кешенді мәселелері: жастар арасында экстремистік көңіл-күйдің таралуының алдын алу, Каспийдегі теңіз көлік қауіпсіздігі, өңір елдері қауіпсіздігінің экономикалық және ақпараттық аспектілері баяндалды. Ұйымдастырушылар, спикерлер, тренерлер және іс – шараға қатысушылар қатарында белгілі қазақстандық және ресейлік сарапшылар, екі елдің...
Read More
Косымбаева Шынар Исабековна Болгарияда ғылыми тағылымдамадан өтті. Болгарияның Пловдив қ. Аграрлық Университетіндегі тағылымдамадан өту барысында Шынар Исабековна өзінің «Improving the management of the modernization of social infrastructure in rural areas (Mangistau region as an example)» зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жетекшісі PhD профессор Н.А. Бенчевамен ғылыми жұмыстар жүргізді. Одан бөлек, «Қауіпсіздік және экономикалық қауіпті жағдайда: дилеммасы...
Read More
Yessenov University оқытушылары Қойбакова Сымбат Еламановна және Жидебаева Айнұр Ерболатқызы Стамбул қаласындағы Yıldız Teknik Üniversitesi-де ғылыми тағылымдамадан өтті.  Тағылымдама барысында университеттің зертханалық базасымен, электронды және каталогтық қорымен, библиографиялық базалармен танысты, 4th International conference on advances in mechanical engineering Istanbul” халықаралық конференциясына қатысып, сертификаттар алды.      
Read More
1 2