December 2018

Month

Yessenov University-де  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізді. Сыртқы сараптама комиссиясының ұсынысын жүзеге асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аккредиттеуден кейінгі мониторинг аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы 2016 жылы аккредиттеуден өткен сәттен бастап атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.    
Read More
Yessenov University-де #PublicTalk  жобасы аясында Ақтау қаласының құрметті азаматы, Экономика ғылымдарының кандидаты, “Catkaz Limited”компаниясының бас директоры Мендеш Салиховпен  кездесу өтті.  Мендеш  Халелұлы өзінің өмірлік жолы жөнінде қысқаша баяндап, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында келген қонақ студенттермен  естелік суретке түсіп, өзінің авторлық кітаптарын сыйға тартты.    
Read More
Renaissance қонақ үйінде «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауы өтті. Конкурсқа күрделі іріктеуден және кастингтен өткен 120-дан астам сұлу анықталды, соның ішінен 20 қатысушы іріктеуден өтіп, байқаудың финалында кездесті. Қазылар алқасының шешімімен «MISS AKTAU-2018» сұлулық байқауының жеңімпазы болып YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясының 2-курс студенті Динара Сарыева атанды. Динара Сарыеваны шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз!!!  
Read More
Yessenov University  «Бизнес және құқық» факультетінде «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесі және Адалдық дүкенін  ашу салтанаты өтті. Бұл шаралар  аясында білім беру жүйесінде жастар арасындағы  сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру. «Адалдық дүкенін» ашу студент жастардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу мақсатын көздейді. «Sanaly Urpaq»  фронт-кеңсесінің...
Read More
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Yessenov University -де Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)жүргізген аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша сараптамалық топ жұмыс істей бастайды. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг (институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша) АРТА сыртқы сараптама комиссиясымен бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізіледі.
Read More
“Қаржы” кафедрасының “Есеп және аудит” мамандығының студенттері арасында «Нашақорлықпен күресу жолдары» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы және өз болашағына сеніммен қарау.
Read More
12 желтоқсан күні сағат 15:00-де Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Экономика ғылымдарының кандидаты, “Catkaz Limited”компаниясының бас директоры Мендеш Салиховпен  кездесу болады. Студенттерді және оқытушыларды белсенділік танытып, аталған шараға қатысуға шақырамыз!    
Read More
Yessenov University барлық кафедраларында “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шаралар еліміздің барлық жоғары оқу орындарында өтуде. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және осы мәселеге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Read More
Yessenov University «Базалық» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 желтоқсан –Тұңғыш  Президент күніне» орай  «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін түсіндіру.      
Read More
Нашақорлықпен күрес және оның алдын алу бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін Маңғыстау облысы сот сараптамалары институтына саяхат ұйымдастырылды. Оған Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Институттың бас сарапшылар Айдарбаева Ш.Н.., Халкина Л.И., Сартаева А.М. және басқа мамандар студенттерді өз зертханаларының жұмысымен таныстырды. Институт директоры Гусманов Рустем Гайнуллаұлы сот...
Read More
1 2 3